Ирактан қашқан американдық әскери қашқын әйелге үкім шығарылды

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, Ривера сондай-ақ бұлтартпас айғақтармен қарулы күштер қатарынан қуылды. Сотта 30 жастағы әскери әйел өз кінәсін толық мойындаған.
Ривера 2006 жылы Иракта қатардағы жауынгер ретінде борышын өтеген. 2007 жылы екі апталық демалас алған ол еліне қайтып, демалыстан кейін қайтадан Таяу Шығысқа жіберілетінін білген соң, Канадаға өтіп кетіп, сонда саяси баспана сұраған. Канадалық билік өкілдері оның өтінішінен бас тартып, күйеуімен және үш баласымен депортациялаған
Сотталушының айтуынша, АҚШ-тың Ирактағы миссиясынан көңілі қалғандықтан екінші рет ол жерге барғысы келмеген. Сайттың мәліметінше, Ривера Канадаға қашып барған алғашқы әйел-дезертир. Ал ерлердің арасында мұндай адамдар 2007-2008 жылдары 200-ден асып жығылған көрінеді.