Ирактың энергия жүйесі істен шығып, көп жерлерде жарық сөнді

АСТАНА. KAZINFORM – Ирактың барлық провинцияларында ұлттық энергия жүйесінің істен шығуына байланысты жарық жаппай сөндірілді, деп хабарлайды Анадолы.

В Ираке произошел полный блэкаут
Фото: aa.com.tr

Ирактың Электр энергетикасы министрлігінің мәліметінше, энергия жүйесінің күйреуіне әкелген апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталды.

Ведомство сондай-ақ жүйенің толық істен шығуынан кейін тоқтап қалған электр станциялары мен электр жеткізу желілерін қайта іске қосу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта елдің көптеген аудандарында мемлекеттік электр энергиясының орнына ақылы түрде халықты электрмен қамтамасыз ететін жеке кварталдық генераторлар пайдаланылып жатыр.

Өткен жылдың тамыз айында Ирактың бүкіл энергия жүйесі аптап ыстық пен электр энергиясын тұтынудың күрт өсуіне байланысты істен шыққан болатын.

Осыған дейін Иракта АҚШ-тың Виктория әуе базасына дрондар шабуыл жасағаны туралы жаздық.