Ирактың бұрынғы вице-премьері 7 жыл түрмеге кесілді

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат-  Ирактың  бұрынғы  вице-премьері,  Саддам  Хұсейннің  тұсында   іс жүзінде елдегі  екінші адам   болған Тарик Әзізді   кеше Ирактың  Жоғарғы  трибуналы   7 жыл түрмеге кесті.    Трибунал   оны  1980 жылдары  Киркук  және   Дияла провинцияларында    күрд   шиіттеріне  қарсы ұйымдастырылған  қуғын-сүргінге    қатысқаны үшін кінәлі деп   таныды.  Саддам Хұсейннің  немере бауыры -  Әли Хасан  әл-Мажидке  де   осындай  үкім  шығарылды, 

Ирактың  бұрынғы вице-премьері 7 жыл түрмеге   кесілді

деп   хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАССт агенттігіне  сілтеме  жасап.

Бұл  -  бұрынғы  ирак  режимінің   басшыларына  қатысты алтыншы сот      амалы.   Ағымдағы жылдың наурыз  айында Жоғарғы трибунал  1992  жылы 42 саудагерді  өлтіруге  қатысқаны үшін   екі  адамды  15  жыл түрмеге кескен  болатын. Халықаралық экономикалық оқшаулау жағдайында    бірінші  кезектегі  тұтынылатын  тауарлардың     бағасын    қолдан   қымбаттатқандары  үшін,  саудагерлер биліктің  шешімімен   өлім жазасына  кесілген.