Ирактың Кербела қаласында болған лаңкестік әрекеттен 25 адам көз жұмды
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Ирактың Кербела қаласында екі жарылыс болды. Лаңкестер автокөлікке орналастырылған жарылғыш қондырғыны адам көп жиналған жерде іске қосқан.
Жарылыс салдарынан 25 адам опат болып, ондаған адам дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды РБК.
Мерт болғандардың барлығы да қажылыққа жиналған шағилар (шииттер) болған.