Ирактың солтүстігінде «Әл-Каида» көшбасшыларының бірі тұтқындалды

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Ирак астанасынан солтүстікке қарай 65 шақырым қашықтықта Дияла провинциясының әкімшілік орталығында - Баакуба қаласында жүргізілген арнайы операция кезінде полицейлер бүгін «Әл-Каиданың» ирактық көшбасшыларының бірі Әли Аббас әл-Масудиді тұтқындады,

Ирактың солтүстігінде «Әл-Каида» көшбасшыларының бірі тұтқындалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Polit.ru сайтына сілтеме жасап.

Таяу уақытқа дейін Дияла провинциясы «Әл-Каиданың» ошағы саналып келді. Этникалық және діни ала-құлалықтар тұрғысында ол қанды лаңкестіктің сахнасына айналды. Өткен жылғы маусымның аяғында Ирак үкіметі онда «Игілікті жора» деген кодтық атаумен операция  бастаған болатын.