Ирактың солтүстігінде болған лаңкестік оқиғадан 50 полиция қызметкері көз жұмды

АСТАНА.18 қаңтар. ҚазАқпарат - Ирактың солтүстігінде орналасқан Тикрит қаласында өзін құрбан еткен лаңкес жарылыс ұйымдастырып, соның салдарынан жаңадан жұмысқа орналасқан 50 полиция қызметкері көз жұмды, ал 150 адам жарақат алды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Ирактың солтүстігінде болған лаңкестік оқиғадан 50 полиция қызметкері көз жұмды

Қазіргі таңда полиция қирандыларды тексеріп, оқиға орнынан жарақат алған адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіріп жатыр.