Ирактың солтүстігінде болған жарылыстардан 30 шақты адам түрлі дене жарақаттарын алды
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласында бірінен соң бірі жарылғыш зат қойылған үш автокөлік жарылды.
Соның салдарынан 27 бейбіт тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды бригадалық генерал Сархад Кадирге (Sarhad Qadir) сілтеме жасаған Ассошиэйтед Пресс .
Жарылыстар 30 минут ішінде қаланың үш ауданында орын алды.
Кадирдің айтуынша, лаңкестік әрекеттерді жасаушылардың қандай да бір нақты нысанды көздеген, көздемегені белгісіз.