Ирактың солтүстігінде қуатты 2 жарылыс орын алды

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Ирактың солтүстігінде орналасқан Туз Хурмато қаласында қуатты 2 жарылыс болды. Көлікке орнатылған бомбаның іске қосылуынан кемінде 11 адам қаза тапты. Бұл жайында Утро.ру жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Ирактың солтүстігінде қуатты 2 жарылыс орын алды

Бірінші бомба қалаға кіре беріс жолда жарылса, оқиға орын алған жерге жергілікті тұрғындар жақындаған мезетте екінші құрылғы да іске қосылған. Қаза тапқандардың басым бөлігі - балалар.

Айта кетейік, таяуда Бағдадтың солтүстігіндегі Самара қаласындағы жарылыс салдарынан кемінде 16 адам қаза тапқан болатын.