Иран 164 центрифугалы уранды 20 пайыздық деңгейге дейін байытуға бейімдеді - МАГАТЭ

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Иран Натанзедегі ядролық орталықта 164 центрифугалы уранды 20 пайыздық деңгейге дейін байытуға бейімдеді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Амано өз есебінде баян етіп отыр,

Иран   164    центрифугалы  уранды 20 пайыздық деңгейге  дейін байытуға    бейімдеді  - МАГАТЭ

деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

«Сәрсенбі күні, МАГАТЭ инспекторлары бас кәсіпорынға келген кезде, Иран тарабы оларды сейсенбі күні кешке, тест жүргізу мақсатында центрифугалардың біріне төмен байытылған уран салынғаны жайында хабардар етті», делінген аталмыш құжатта.

Сейсенбі күні ресми Тегран уранды 20 пайызға дейін байытуға кіріскенін мәлім еткен болатын. Дегенмен, МАГАТЭ-нің ақпараты бойынша, Иран өкіметінің бұл мәлімдемесі сәл ертерек жасалып отыр, ядролық отынның бұл түрінің өндірісі іс жүзінде бірнеше күннен кейін ғана басталады.