Иран 2015 жылы Бушерде 2-ші АЭС құрылысын бастайды
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Иран 2015 жылы Бушер қаласында жаңа атом электр стансасының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл жайында Иранның атом энергиясы жөніндегі ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи мәлім еткен. Оның айтуынша, станса құрылысына шамамен 7 жыл уақыт кетеді. Айта кетерлігі, бұдан сәл ертерек ресейлік тарап салатын атом стансасының қуаты шамамен 5 мың мВт болатындығын айтқан еді.