Иран 2016 жылдың наурызына дейін бес спутнигін ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран келесі күнтізбелік жылда (2015 жылғы наурыз - 2016 жылғы наурыз) өзінің үш спутнигін ұшырады.

Иран 2016 жылдың наурызына дейін бес спутнигін ұшырады

Иран 2016 жылдың наурыз айына дейін бес спутнигін ұшырады. Fars , агенттігіне Иран ғарыш агенттігі бастығының орынасары Хамид Фазели Бүкіләлемдік ғарыш аптасының ашылу салтанатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Лента.ру. Оның айтуынша, Zafar, Tolou және AUT спутниктері Simorq зымыран тасығышымен ұшырылмақ. Zafar спутнигі геостанционарлық орбитада Жердің бетін фотосуретке түсіреді. Қызмет атқару мерзімі - бір жарым жыл. Tolou спутнигі де 500 шақырымдық орбитада дистанциялық зондтау жұмыстарын атқарады және топографиялық суреттер жасайды. Амир Кабир техникалық университетінде ирандық ғалымдармен бірге жасалған AUT спутнигі мониторинг жасайды және мәліметтер береді. Оның қызмет ету мерзімі екі жыл.

Фазелидің айтуынша, ғарыштық агенттік қысқа мерзімдегі болашақта қазр даярланып жатқан Sharifsat и NaHiD спутниктерін ұшыруға даярлауда.

2009 жылы Иран өзінің алғашқы Жердің жасанды спутнигін дербес ұшырған болатын, одан кейін тағы екі спуникті ұшыруды жүзеге асырды.