Иран АҚШ пен Израильге сес көрсетті

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Иранның әуе-ғарыш дивизионының қолбасшысы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы 35 әскери базасын құртып жіберуге қабілетті екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлайды.

Иран АҚШ пен Израильге сес көрсетті

Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасына Израиль шабуыл жасаса, оны бірнеше минутта-ақ жоймақ. Мұны «Революция сақшыларының» әуе-ғарыш дивизионының қолбасшысы Әмір Әли Хаджизаде мәлімдеді. Ал маусымның басында Иранда «Ұлы Пайғамбар-7» деген баллистикалық зымыран сынақтан өткен болатын. Ол 2 мың шақырым жердегі нысананы қирата алады.