Иран АҚШ-пен келіссөзді жалғастыру үшін шарт қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи алдағы күндері АҚШ-пен өзара түсіністік туралы меморандумға цифрлық түрде қол қойылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu.

Аббас Аракчи
Фото: Анадолу

Иранның мемлекеттік теледидарында сөйлеген сөзінде сыртқы істер министрі келіссөздің барысын түсіндірді. 

Оның айтуынша, құжатқа алдағы бірнеше күн ішінде қашықтан қол қойылуы мүмкін. Бұл ретте Аракчи меморандумның ережелері тәжірибеде орындалмаған жағдайда түпкілікті келісім бойынша келіссөз жүргізілмейтінін атап өтті. 

Иранның сыртқы істер министрі сондай-ақ 60%-ға дейін байытылған уран мәселесін де қозғады. Оның мәлімдеуінше. Тегеран бұл тақырыпты реттеудің жалғыз әдісі ретінде Иран аумағында құнарсыздандыру деп санайды.

Бұдан басқа, Аракчидің айтуынша, меморандум жобасында Ормуз бұғазы және АҚШ енгізген әскери-теңіз блокадасын алып тастау туралы ережелер бар. 

Министр Ормуз бұғазын басқару бұрынғы режимнен өзгеше болатынын атап өтті. 

Ол бұғаздың Оман мен Иранның егемендігінде екенін еске түсіріп, бұл мәселе бойынша Оманмен оң пікірталас болғанын хабарлады.

Аракчи сондай-ақ ықтимал келісім аясында Иранның тоқтап тұрған активтерге қол жеткізу механизмі қарастырылатынын мәлімдеді.
Бұл ретте Иран СІМ басшысы БАҚ-та пайда болған келісім мәтіндерін растамайтынын атап өтті.

— Егер меморандумның ережелері орындалмаса, түпкілікті келісім бойынша келіссөз жүргізілмейді, — деп мәлімдеді ол.

Бейсенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы шабуылдарын тоқтатып, Тегеранмен келісімге қол қоюға жақын екенін мәлімдеді. Осыдан кейін бірнеше БАҚ бір уақытта екі ел арасындағы алдағы «өзара түсіністік туралы меморандум» туралы жаңа мәліметтер жариялады