Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иран АҚШ-тың жаңа санкцияларына қарсы шара қолданады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Иран АҚШ енгізген жаңа санкцияларға жауап ретінде  заңдық шектеулер орнатады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шектеулер «аймақтық террористік топтарға көмек көрсететін америкалық жеке тұлғалар мен ұйымдарға қатысты болмақ».

Иран АҚШ-тың жаңа санкцияларына қарсы шара қолданады

Еске сала кетсек, жұма күні АҚШ Тегеранмен байланыстағы 13 жеке тұлға мен 12 ұйымға қатысты санкциялар енгізді. Бұған дейін Иран зымырандық сынақ жүргізген еді.

- Жаңа санкциялар Иран мен «алтылық» арасындағы ядролық келісімді растайтын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына және АҚШ міндеттемелеріне қайшы келеді, - деді Иран сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Тегеран Иранның мемлекеттік мүдделеріне бағытталған АҚШ-тың кез келген әрекетіне лайықты түрде жауап қайтаратын болады.

Фото: © РИА Новости. Наталья Селиверстова