10:02, 24 Сәуір 2024 | GMT +5
Иран «ашуланса» Израильді жойып жіберетінін ескертті
АСТАНА. KAZINFORM – Иран президенті Ибрагим Раиси Израильдің Иран аумағына жасаған кез келген шабуылы олар үшін ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Иран басшысы Пәкістанның Лахор университетінің студенттеріне: «Егер Иранға шабуыл жасаса, Израильден түк те қалмайды» деген.
Сондай-ақ, ол Хамастың былтыр қазан айында Израильге жасаған шабуылы Тель-Авив пен оның жақтастарының мұсылман мемлекеттерімен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге деген үмітін күлге ұшырғанын атап өтті.
Раиси Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін айыптап, олардың 34 мыңнан астам палестиналықтардың өліміне кінәлі екенін айтты.