19:51, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Иран астанасын Тегераннан көшірмекші
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының Тиімділік кеңесі зілзала кезінде Тегеранның қирау қаупіне байланысты ел астанасын басқа қалаға көшіру туралы бастамасын мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Мұндай ұсынысты Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хомени жасаған. Сейсмологтардың айтуынша, таяу уақыттары Тегеранның аумағында жойқын зілзала болуы ықтимал.
Профессор Бахрам Акашехтың пікірінше, Тегеран астана ретінде қате таңдалған. Ол қарқынды өсіп келе жатқан қалаға магнитудасы сегіз балл болатын зілзала қауіп төндіретінін еске салды. «Мен үкіметті бұдан 40 жыл бұрын ескерткен болатынмын. Егер менің сөзіме сол кезде құлақ асқанда, Тегеран мегаполис болмаған және оның дамуы бақылаудан шықпаған болар еді», - деді ғалым.