Иран әуе кеңістігінің бір бөлігін ашты

АСТАНА. KAZINFORM — Иран өзінің әуе кеңістігінің бір бөлігін әуе рейстері үшін ашқанын хабарлады, деп жазады Анадолы.

АҚШ Иранға қарсы «шешуші соққы» жасауды қарастырып жатыр — Axios
Фото: Анадолы

Иран Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап елдің әуе кеңістігінің кейбір учаскелері ұшуларға қолжетімді болған.

Мәлімдемеде Иранның шығыс бөлігіндегі әуе кеңістігі халықаралық рейстер үшін ашылғаны, ал ішкі рейстер қажетті реттеуші рәсімдер аяқталғаннан кейін кезең-кезеңімен қайта жанданатыны атап өтілген.

Осыған дейін ақпан айының аяғында Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінің үстінен, шегінде және маңында ұшуға толық тыйым енгізгенін жазған едік.

Таяу Шығыстағы жағдай Түркияның әуе кеңістігіне жүктемені көбейткені де белгілі болды.

Бұдан бөлек, Италия, Испания және Австрия АҚШ-қа әскери қолдау көрсетуден бас тартып, Иранға қарсы операцияда өздерінің әуе кеңістігі мен инфрақұрылымын пайдалануға шектеу қойды.

 

Соңғы жаңалықтар