Иран Ауғанстанмен арадағы шекараның ұзына бойына алып қабырға орнатпақшы
ТЕГРАН. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Иран ауғандық есірткі тасушылардың өз аумағына кіруінің жолын кесу мақсатында шекараны қатаң бақылауға алу үшін Ауғанстанмен арадағы шекараның ұзына бойына алып қабырға орнатуды көздеп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
Иранның Ауғанстанмен арадағы 700 шақырым болатын шекарасы тікенек сымдардан өрілген қабырғамен бөлінетін болады. Қабырға ағымдағы ирандық күнтізбелік жылдың аяғына дейін (2010 жылғы наурыздың 20-сы) тұрғызылуы тиіс, деп хабарлады есірткіні қадағалаудың ирандық басқармасы басшысының орынбасары Таха Тахери.