Иран ай сайын «Спутник V» вакцинасының 2 млн-дай дозасын өндірмек

None
None
ИРАН. ИРНА. ҚазАқпарат – Иран мемлекеті ай сайын 2 млн-ға жуық «Спутник V» вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Иран аумағында аталған екпені өндіретін фармацевтикалық компанияның директоры Реза Мостоуфи мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап.

«Спутник V» вакцинасын өндіру қуаты ай сайын 2 млн доза. Бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрі Саида Намакидің қатысуымен аталған екпенің алғаш тестілеу партиясының ресми таныстырылымы өткен.

Иран Таяу Шығыс елдері арасында ресейлік вакцинаны өндіріске енгізген алғаш мемлекет. «Спутник V» бұл ел аумағында ұлттық вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылады.

Айта кетсек, «Спутник V» екпесі бүгінде халық саны 3,5 млрд-қа жеткен әлемнің 67 елінде тіркелді. Оның қатарында Аргентина, Сербия, Бахрейн, Венгрия, Мексика және тағы басқа мемлекеттер бар. Бұл елдер коронавирус індетіне қарсы жасалған ресейлік вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін мойындап отыр.


Соңғы жаңалықтар