Иран басшысы елдегі саяси дағдарыс туралы сөз сөйлейді

ТЕГРАН. Маусымны 19-ы. ҚазАқпарат – Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи елдегі саяси дағдарыс туралы бүгін кешке сөз сөйлейді деп күтілуде.

Иран басшысы  елдегі саяси дағдарыс  туралы  сөз сөйлейді
ҚазАқпарат бұл туралы «Азаттық» радиосына сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін Хаменеи ирандықтарды наразылық акцияларын тоқтатуға және ресми мәліметтер бойынша, маусымның 12-сіндегі сайлауда жеңіске жеткен Президент Махмұд Ахмадинежадтың төңірегіне бірігуге шақырған болатын. Бірақ та сайлауда жеңілген реформашыл-оппозиционер Мир-Хоссейн Мусауидің жақтаушылары, биліктің тыйым салғанына қарамастан, дауыс беру кезінде жол берілген заңбұзушылықтарға қарсылық білдіріп, алты күн бойы бұқаралық шерулер өткізді. Бүгін оппозицияшылар акцияларын тоқтатты. Иранның жоғарғы заңнамалық органы - Сақшылар кеңесі Мусауи мен тағы басқа үш кандидатты сенбі күні кездесуге шақырып отыр. Кеңеске сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы 646 шағым түскен.