Иран байытылған уранды сатып алуға даяр екендігін мәлімдеді

АСТАНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат - Иранның президенті Махмұд Ахмадинеджад сәрсенбі күні Тегранның шет елдерден байытылған уранды сатып алуға, сондай-ақ оны өздерінің байытылу деңгейі төмен уранға айырбастауға даяр екендігі туралы мәлімдеді,

Иран байытылған уранды сатып алуға даяр екендігін мәлімдеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Мәлімдеме Иран өкілдері мен «алтылық» - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия арасындағы қазанның 1-інде Женевада өтетін кездесу қарсаңында жасалды. Ахмадинеджадтың айтуынша, Тегран 19,75 пайызға байытылған уранның қажеттілігін бастан кешуде. Оны «кімнен болса да» сатып алуға немесе өздерінің 3,5 пайыздық байытылған уранына айырбастауға даяр.