Иран бейбіт атом энергетикасын дамытудан бас тартпақ емес
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Иран өзінің бейбіт атом энергетикасын дамыту құқығынан бас тартуға ниетті емес. Ресей «Жаңалықтар» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Роухани мәлім еткен.
«Иран еш уақытта да өзінің бейбіт атом бағдарламасын дамыту құқығынан бас тартпайды. Энергетикалық қауіпсіздік бейбітшіліктің нығаюына септігін тигізуі қажет. Біз ядролық қаруды таратпауға қатысты барлық халықаралық келісімдерді сақтап отырмыз», - деді Иран Президенті.