Иран: билік оппозицияшыларды қатаң жазамен қорқытуда

АСТАНА.     Желтоқсанның  9-ы. ҚазАқпарат -    Иран   өкіметі   оппозицияның  наразылық шараларына  қатысушыларды   қатаң  жазамен    қорқытуда.

Иран:   билік оппозицияшыларды қатаң  жазамен   қорқытуда

ИРНА   ақпараттық агенттігінің  хабарлауынша,        елдің бас прокуроры Голамхоссейн Мохсени-Эджеи, «ұлттық қауіпсіздікке   қатер төндіріп  отырғандардың    аяусыз  қудаланатынын»  мәлім етті.

Тегранда осымен  екінші күн қатарынан   полиция мен демонстранттардың арасында қақтығыстар  жалғасуда.  200-ден  астам адам қамауға алынды.  Өкіметтің мәліметі бойынша,  олардың 86-сы  кейіннен    босатылды.

Оппозиция     маусым  айында өткен     президенттік сайлаудың  ресми қорытындысына  назарылықтарын    әлі  жалғастыруда.