Иран бірқатар елдер үшін өз нарығын жапқалы отыр
АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Иран, ұлттық ядролық бағдарламасына байланысты ислам республикасына қатысты санкциялар енгізген бірқатар елдер үшін өз нарығын жапқалы отыр.
Бұл туралы елдің өнеркәсіп министрінің атынан жарияланған коммюникеде айтылған, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Құжатта «салынған санкцияларға қарамастан, Иран өнеркәсібі арзан және сапалы тауалар шығаруға қабілетті екенін, оған қоса Тегранның «достас елдерден» техника мен жабдықтар ала алатыны» атап көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ мен АҚШ санкцияларының соңын ала Еуроодақ та Ислам Республикасына қатысты әсер ету шараларын қатайта түскен болатын.