Иран биыл азаматтарын қажылыққа жібермейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран билігі биыл азаматтарын Меккеге қажылық парызын өтеу үшін жібермейтін болды. Бұл туралы 24.kz жергілікті PressTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Парсы үкіметі Сауд Арабиясы қажылықты өтеуге кедергі тудырады деп айыптаған. Қос елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған келіссөздердің екі кезеңі де ешқандай нәтиже бермеді. Ал, Эр-Рияд Тегеранның Иран азаматтары үшін қауіпсіздік шараларын күшейту туралы ұсынысын қабылдамаған.
Айта кетейік, былтырғы қажылық кезінде Мина жазығында 2,5 мың адам аяқ астында тапталып, көз жұмған еді. Марқұмдардың арасында 464 Иран азаматы болған.