Иран бір аптада Ормуз бұғазы арқылы заңсыз өтпек болған 30 кемені тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Иран қарулы күштері бір апта ішінде Ормуз бұғазы арқылы заңсыз өтуге әрекет жасаған 30 кемені өткізбей қойды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі Mehr-ге сілтеме жасап.

Иран Ормуз бұғазынан өту тәртібін бұзған кемелерді тәркілейтінін мәлімдеді
Фото: Fars news

Қазіргі уақытта Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуі шектеулі режимде жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін Иран тарапымен келісу және белгіленген алымдарды төлеу қажет.

– Қазіргі уақытта Ормуз бұғазы арқылы өту Иран тарапымен келісілген жағдайда және тиісті алымдар төленгеннен кейін ғана шектеулі режимде жүзеге асырылады, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Иран билігі Тегеран белгілеген Ормуз бұғазы арқылы өту ережелерін бұзған кемелерге айыппұл салынатынын ескерткен болатын. Сондай-ақ талаптарды орындамаған кемелерді ұстау және тәркілеу мүмкіндігі қарастырылатыны айтылған.

Ормуз бұғазы халықаралық мұнай және газ тасымалы үшін стратегиялық маңызы бар теңіз жолдарының бірі саналады.

Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп америкалық Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазының халықаралық суларын минадан толық тазарту жұмыстарын аяқтағанын мәлімдеген еді.