Иран БҰҰ санкцияларының күші жойылғаннан кейін ШЫҰ-ға мүшелікке үміттене алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранға салынған БҰҰ санкцияларының күші жойылғаннан кейін бұл ел Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше бола алады, деп хабарлады ИрТАГ.
РФ СІМ басшысының орынбасары Игорь Моргулов Ханты-Манскийскіде болған ШЫҰ 10-шы форумында журналистерге мәлімдегендей, Иран бақылаушы мәртебесінен ұйымның толыққанды мүшелігіне көшуге өтінім берді. Алайда, оның айтуынша, жекелеген мәселелер бар, оны өтінімді қарау барысында ескеру қажет.
«ШЫҰ хартиясында санкциясы бар елдер ШЫҰ-ға толыққанды мүше бола алмайтыны айтылған. Әзірге Иранға қарсы санкция бар, Иранда ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуға заңды мүмкіндік жоқ.
Алайда біз таяу уақытта ирандық ядролық бағдарлама айналасындағы жағдай реттеледі деп үміттенеміз. Бұл Иранға қарсы санкцияны алып тастауға және оның ШЫҰ-ға мүшелікке өтуіне жол ашады», - деді И. Моргулов.