Иран доллардан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран шетелдік сатып алушылармен есептесу барысында долларды мүлде қолданбайтын болды, деп хабарлайды Ислам мемлекетінің Орталық банкі төрағасының орынбасары Голам-Али Камиаб.
Бұл туралы Росбалт жазады.
"Тасним" агенттігіне сілтемемен Newsru.co.il хабарлағандай, ішкі сауда-саттық келісімдерді жүзеге асыру барысында елде еуро және Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей елдерінің валюталары пайдаланылатын болады.