Иран доллармен емес, еуро, юаньмен есеп айырысуға көшуге ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран доллармен емес, еуро, юань және басқа да «күшті» валюталармен есеп айырысуға көшуге ниетті, деп мәлімдеді мұнай министрінің орынбасарының міндетін атқарушы Масуд Хашемиан Эсфахани.
Ядролық бағдарламаны реттеу жөніндегі бірлескен жалпыға бірдей жоспарға сәйкес бізге кейбір шектеулер бар. Біз долларға және доллардың әлемдегі айналысына тәуелді болғымыз келмейді», - деді ол мұнай экспортынан табысты доллармен алудан басту тарту туралы сұраққа жауап бере келіп.
Ол «біздің бизнес еуро, юань және басқа да «күшті» валюталармен жүргізілуі тиіс», - деп қосты.