Иран егер АҚШ Сирияға шабуыл жасайтын болса, қарсы әрекет жасалатынын ұқтырды
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ирандық ислам революциясын қорғау корпусында АҚШ Сирияға шабуыл жасайтын болса, қарсы әрекет жасалатынын ұқтырды. Иран БАҚ-ына берген сұхбатында Ислам революциясын қорғау корпусының мәдениет және насихат жөніндегі бөлімінің басшысы Мохаммед Али Ассуди осындай пікірін білдірді, деп хабарлады Росбалт Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
«Егер Америка Сирияға шабыуыл жасайтын болса, Иран және басқа да сириялықтармен одақтастар АҚШ-ты пәлеге ұшырататын қарсы әрекет қолданады. Американдық топастық пен Сирияға әскери шабуыл бола қалса, сириялық одақтастардың бірлескен әскери шарты күшіне енеді», - деді Ассуди. Оның сөзін бірқатар ирандық және батыс БАҚ-тары келтірді. Алайда ирандық жаңалықтар ресурстарына орналастырылған сұхбаттан Ассудидің сөзі себепсіз алынып тасталған. Ресми Тегран бұған орай түсініктеме берген жоқ.
Еске сала кетейік, Иран мен Сирия 2006 жылы әскери шарт жасасты. Оның мазмұны белгісіз, сондай-ақ шартқа басқа ықтимал қатысушылар да белгісіз қалып отыр.