Иран елі су бағдарламаларын іске асыруға қомақты қаржы жұмсамақ

АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Осы жылдың аяғына дейін Иранда су бағдарламаларын іске асыру үшін 3600 млрд. туман бөлінеді.

Иран елі су бағдарламаларын іске асыруға қомақты қаржы жұмсамақ

Иранның су арнасы компаниясының атқарушы директоры Алмас Вендидің айтуынша, бұл қомақты қаржы мемлекетте жаңа су тасымалдау құбырларын салып, өзендерді қалпына келтіру жұмыстарына бағытталмақ.

Алмас Венди биылғы құрғақшылық мәселесін тілге тиек ете отырып, «қазіргі кезде күн қуаты мен сумен қамтамасыз етуге арналған жаңа технологиялар қолданылуы тиіс», деп атап өтті.

Ол сонымен қатар барлық ирандықтарды суды үнемдеуге шақырды.