Иран «Еуро-5» маркалы бензин шығаруды қолға алмақ
ТЕГЕРАН. KAZINFORM – Иран Еуро-5 стандартының талаптарына сәйкес келетін бензин шығаруға дайын, деп хабарлады Имам Хомейни атындағы мұнай өңдеу компаниясының басшысы Маджид Раджаби. Бұл туралы Trend жазды.
Маджид Раджаби компанияның «Еуро 5» бензинін шығару үдерісінде екенін және ол жақын арада нарықта шектеулі мөлшерде шығарылатынын айтты.
Ол «Еуро-5» маркалы бензинді өндіру және жеткізу Иранның мұнай өнімдерін тарату және өңдеу жөніндегі Ұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатынын атап өтті. Компания «Еуро-5» стандарты бойынша өндіретін барлық бензин мен дизель отынын жеткізуге дайын екенін жариялағаны хабарланды.
Шенеунік Шазанд қаласындағы Имам Хомейни атындағы мұнай өңдеу зауытында «Еуро-4» бензині мен дизельдің қазіргі өндірісін сәйкесінше шамамен 16 және 12,4 миллион литр деп бағалады.
Оның айтуынша, «Еуро-5» маркалы бензинді өндіру және жеткізу көлемі мұнай өнімдерін өңдеу және тарату компаниясымен келісілуі керек. Ал Shazand компаниясы өндіретін барлық бензин мен дизель отынын «Еуро-5» стандартына сәйкес жеткізуге дайын.