08:20, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Иран ғалымдары оппозицияны қолдады
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Тегран университетінің ондаған оқытушылары Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге хат жазып,

оппозиция жақтаушыларын қудалауды тоқтату туралы үндеу жасады, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Интернетте жарияланып отырған бұл хатқа 88 адам қол қойған. Олардың пікірінше, үкіметке қарсы жиындарды қатаң басуға кінәлілерді жауапқа тарту керек.
Желтоқсан айының соңында полиция мен шерушілердің арасында болған қақтығыс кезінде ең аз дегенде 8 адамның қаза тапқанын, олардың ішінде оппозиция жетекшілерінің бірі Мирхосейн Мусауидің туысы болғанын әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін хабарлаған еді.