Иран ғарышқа алғашқы ұлттық жерсерігін ұшырды

ТЕГРАН. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Иран өз зымырантасымалдағышының көмегімен жер орбитасына алғашқы ұлттық жерсерігін ұшырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. «Үміт» деп аталған жерсерік 1979 жылғы Иран Ислам революциясының 30 жылдығына арнап ұшырылған. Оны ұшыру туралы нұсқауды ел президенті Махмұд Ахмадинежадтың өзі тікелей берді, деп хабарлады Иранның ұлттық телеарналары. Өткен жылы ақпанның 4-інде Иран жер орбитасына алғашқы ирандық зондтаушы «Кавешгяр-1» («Зерттеуші) ғарыш зымыранын ұшырған болатын. Дәл сол күні «Үміт» жерсерігінің таныстырылымы өткен еді. «Үміт» ғарышта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналып отыр. 2008 жылдың қараша айында Иран өкіметі «Кавешгяр-2» зымыраны аман-есен ұшырылып, ол өз миссиясы аяқталған соң, 40 минуттан кейін арнайы парашютпен жерге ғылыми мәліметтермен оралғанын мәлім еткен болатын. Иран сондай-ақ, жақын келешекте ғарыш кеңістігіне бортында жануарлар бар "Кавешгяр-3" және "Кавешгяр-4" зымырандарын ұшыруды жоспарлап отырғанын бұдан бұрын мәлім еткен еді. Иранның ғарышқа зымыран ұшыру жобалары батыстың да, Ресейдің де алаңдаушылығын туғызып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Тегран алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандар жасауға жақын. Халықаралық қоғамдастық, Тегран ұлттық атом және зымыран бағдарламаларының тасасында ядролық қару мен оны жеткізу құралын жасауға талпынуда деп алаңдауда. Иран өкіметі ғарыш бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін және тек ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналғанын мәлім етті.
Соңғы жаңалықтар