Иран ғарышқа жануарлар жібермек
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Иранның ғарыш агенттігі бір айдың ішінде ғарышқа Fajr жерсерігін ұшыратынын мәлім етті, деп хабарлайды Лента.ру сайты. Одан кейін ішінде жануарлары бар тағы бір ғарыш кемесі сапарға аттандырылады.
Жануарларды ғарышқа жіберу - континентаралық зымырандардың қайтадан атмосфераға кіруін сынақтан өткізетін кезеңдердің бірі.
Бұдан шығатыны, Иранның зымыран бағдарламасы Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Пәкстанның әлеуетінен едәуір жоғары екенінде күмән жоқ.