Иран халқының саны биыл 73 миллионнан аспақ

ТЕГРАН. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Асылбек Әділхан/ - Өткен жылы елде 1 348 546 баланың дүниеге келгені тіркелді. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының төрағасы Ибраһим Рәшиди мәлім етті.

Иран халқының саны биыл 73 миллионнан аспақ

Оның айтуынша, өткен жылы Иранда 469 мыңнан астам дүниеден өткенін есепке алғанда, халықтың жалпы өсімі 1,3 пайызға артты.

Ибраһим Рәшидидің айтуына қарағанда, 2006 жылғы халық санағы бойынша Иран халқының саны 70 миллионның үстінде болған, ал 2009 жылы бұл саны 72 миллион 874 адамға жетсе, биылғы болжам бойынша ел халқының саны 73 808 мың 753 адамға жетпек.