Иран ірі ауқымды әскери оқу-жаттығуларын өткізбек

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Иранның құрлықтағы әскері және әскери-әуе күштері қараша айының соңында ірі ауқымды оқу өткізеді, деп хабарлады осы елдің құрлықтағы әскерінің қолбасшысы, бригада генералы Ахмедреза Пурдастан, - делінген Trend хабарламасында.
None
None

Әскери жаттығулар Qamar-e Bani Hashem кодтық атауымен өтпек, деді А.Пурдастан. Оның сөзіне қарағанда, оқуда соғыс қимылдарының сан қилы жағдайлары жинақталып, оған Иран Қарулы күштерінің әр түрлі бөлімшелері қатысады.

Оқу-жаттығу ойындары барысында отандық өндірістің алдыңғы қатарлы қаруы сыналмақ, деп жалғастырды бригада генералы.

Соңғы жаңалықтар