Иран Израильге ұшқышсыз жете алатын барлаушы-ұшақ жасап шығарды

ТЕГРАН. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Иранның қорғаныс ведомствосының өкілі, Тегран ұшқышсыз 1 мың шақырымнан астам қашықтыққа ұша алатын барлаушы-ұшақ жасағанын мәлім етті.
None
None
Қорғаныс министрінің орынбасары Ахмад Вахиди «Фарс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, осынау «маңызды жетістік» туралы басқадай толыққанды ақпарат бере алмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Иран ұшқышсыз ұшақтар жасалып жатқандығы туралы былтыр мәлім еткен болатын. Кеше, сәрсенбі күні осындай мәлімдеме ресми деңгейде жасалып, ұшақтың ұшып жету радиусы аталды. Иран 1980-1988 жылдары көрші Иракпен болған соғыстан кейін қару-жарақ жеткізіліміне АҚШ тарапынан салынған эмбаргоның орнын толтыру үшін, өз қару-жарақ бағдарламасын қолға алған болатын. 1992 жылдан бері Иран өзінің жоюшы ұшақтарын, радардан көрінбейтін торпедоларды, зымырандарды, танктер мен БТР-ларды жасағанын мәлім етіп келеді.
Соңғы жаңалықтар