Иран-Қазақстан қарым-қатынасының дамуына кейбір кедергілердің жойылатынына сенемін - Рухани

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран-Қазақстан қарым-қатынасының дамуына кейбір кедергілердің жойылатынына сенемін. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізіп жатқан Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына орай Сізді және біз үшін аса қымбат Қазақстан халқын құттықтаймыз. Біз мұсылман мемлекеттері саналатын елдеріміз арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынасты жалғастыруды қолдаймыз. Сонымен қатар бізді Каспий бойындағы тарихи, ежелден келе жатқан көршілестігіміз де байланыстырып жатыр. Біз қарым-қатынасымызды барлық салада көтеруге ниеттіміз», - деді Иран Президенті.

Рухани Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Иран мен «алтылық» арасындағы ядролық келісімге қол жеткізудегі, сонымен қатар бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудағы  айрықша рөлі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

«Сонымен бірге бейбіт атом саласындағы Иран мен Қазақстан арасындағы жақсы ынтымақтастық үшін де Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіз әр уақытта да халықаралық аренада, ұйымдарда және өңірлік деңгейде Иранға қолдау білдіріп келесіз. Біздің қарым-қатынасымыздың дамуына бөгет болатын кейбір кедергілердің жойылатындығына сенім артамыз», - деді Рухани.

Соңғы жаңалықтар