Иран ҚХР-мен 2,5 млрд. долларлық мұнай келісімшартын бұзбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран билігі Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниясымен өз міндетін дұрыс атқармағаны себепті арадағы құны 2,5 млрд. долларлық келісімшартын бұзбақ. Бұл туралы Associated Press агенттігі Иран БАҚ-ына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Иран ҚХР-мен 2,5 млрд. долларлық мұнай келісімшартын бұзбақ

Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы мен Тегеран 2009 жылы мұнайлы солтүстік Азадеганды игеру жөнінде келісімге қол қойған болатын.

Иран БАҚ-ындағы деректер бойынша, Иран Мұнай министрлігі қытайлық компанияға 90 күн уақыт берген. Осы мерзім ішінде қарсы тарап өз міндеттерін толық орындамаса олырды жобадан шығарып тастамақ.

Қытай компаниясы бұл жағдайға қатысты өз пікірін жариялаған жоқ.