Иран көсемі түрмеде отырған 40 шетелдікке рақымшылық жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хоменеи елдің сот билігі басшысының ұсынысы бойынша 2 887 тұтқынға рақымшылық жасап, олардың жазасын қысқартуға келісті, деп хабарлайды IRNA.

иран
Фото: IRNA

Сот жүйесі басшысының орынбасары Садық Рахимидің айтуынша, кешірім жасалған және жеңілдетілген сотталғандардың 2745-і мемлекеттік және революциялық соттар, 11-і қарулы күштердің сот жүйесі және 131-і Иранның жазалар басқармасы тарапынан бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ, өлім жазасына кесілген 59 адамның үкімі бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді.

Рақымшылыққа ілінгендердің ішінде 140 әйел, 40 шетел азаматы, қауіпсіздік қылмысы үшін сотталған 39 және 18 жасқа толмаған 6 азамат бар.

Иран конституциясына сәйкес, елдің жоғарғы басшысы сот үкіметі басшысының ұсынысы бойынша тұтқындарға кешірім жасау немесе жазасын жеңілдету құзіретіне ие.

Барлық мемлекеттік мәселелерде соңғы сөзді айтатын Хаменеи әдетте белгілі бір мерекелерде тұтқындарды кешіреді.

Бұл жолғы рақымшылық туралы шешім 21 қыркүйек — МәулидунНәби күніне орай шығарылды.

Соңғы жаңалықтар