Иран Лондондағы Израиль елшілігіне шабуыл жасау әрекетіне қатысы жоғын мәлім етті
АСТАНА. KAZINFORM – Иран биілігі Лондонды осы оқиға төңірегінде қалыптасқан жағдайға ресми түрде түсінік беруге шақырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи БАҚ-та жарияланған Ұлыбританияда тұтқындалған ирандықтардың өткен демалыс күндері Лондондағы Израиль елшілігіне шабуылдау туралы астыртын қаскүнемдік әрекеттеріне қатысты деген хабарды жоққа шығарды.
- Иран мұндай әрекеттердің кез келген түріне түбегейлі қарсы. Бізге дипломатиялық арналар арқылы қандай да бір кінә арту туралы хабар жетпегенін мәлімдейміз, - деді Аракчи Х әлеуметтік желісінде.
Оның бұл мәлімдемесі британиялық The Times басылымының аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап, тұтқындалған 8 ирандықтық бесеуі Лондонның батысындағы Кинсингтонда Израиль елшілігіне террористік шабуыл жасауды жоспарлады, қалған үш ирандық ұлттық қауіпсіздік туралы заң талаптарына сәйкес, Иранға жұмыс істеді деген айыппен тұтқындалғаны туралы материалынан соң жарияланды.
- Иран Ұлыбританияны тергеу шаралары дәлелді болуы үшін оған көмектесуге, өзара әрекеттесіп жұмыс істеуге шақырды. Уақыт пен өзара әрекеттесуге деген ниеттің жоқтығы күмән тудырады, - деп жалғастырды Аракчи.
Ол сонымен қатар болған оқиғаның артында Израиль тұруы мүмкін деп топшылаған да болуы мүмкін.
- Дипломатияны бұзып, жағдайды ушықтырып, бөтен біреуді туының астында әрекет етуге ұмтылып отырған үшінші тараптың болуы ықтимал, - деп мәлімдеді министр.
Аракчи Иранның оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын анықтау үшін жағдайға араласуға дайын екенін, ол үшін Ұлыбритания билігін ұсталған ирандықтарға тиісті құқықтық процедураға мүмкіндік беруге шақырды.
Иранның Сыртқы істер министрінің көмекшісі Алиреза Юсефи сәрсенбі күні шұғыл түрде тұтқындау әрекетінің мән-жайын анықтап, консулдық өкілдеріне ұсталғандармен байланысуға мүмкіндік беруді талап етті. Ол британиялық саясаткерлердің құжатпен дәлелденбеген, расталмаған мәлімдемелер жасауы әдетке айналып бара жатқанын сынады.
Юсефи мұндай әрекеттің екі ел арасындағы жағдайды ушықтыра түсетінін ескертті.
Осыған дейін Лондонда лаңкестік әрекетті дайындады деген күдікке ілінген ирандықтар қамауға алынғаны туралы жаздық.