Иран МАГАТЭ-нің жоспарына ресми жауабын бүгін береді - ирандық «Мехр» агенттігі

АНА. Қазанның  29-ы.  ҚазАқпарат -   Иран   Атом   энергиясы   жөніндегі халықаралық  агенттігі  (МАГАТЭ) ұсынған   халықаралық  келісімнің  жобасына  ресми жауабын    бейсенбі күні береді.
None
None

Халықаралық  келісімде   ирандық  әлсіз байытылған  уранның  бір бөлігін  шетелге      жөнелтіп,  онда   уранды    Иранның  ядролық нысандарында  отын ретінде   пайдалану үшін      қажетті кондицияға жеткізудің жайы  қарастырылған.  Бұл туралы   ирандық  «Мехр»   агенттігі   хабарлап отыр. 

Иранның МАГАТЭ-дегі    өкілі   Әли  Асгар  Солтание     бейсенбі күні  Венада агенттіктің  бас директоры Мохаммед  әл-Баредеимен  кездесіп,  оған  Иранның жауабын табыс етеді,  деп    хабарлайды  «Мехр» агенттігі.

«Хабардар  дерек көзге» сілтеме  жасаған  ақпарат агенттігі  «Иран  өзінің  жауабында   Венада келіссөз барысында әзірленген    Тегеран реакторына  отын жеткізу  жөніндегі    мәмілеге келісімін беретінін,  бірақ сонымен қатар   келісім жобасының  мәтініне  өзгерту  енгізуді  ұсынатынын»     нақтылап отыр.

Соңғы жаңалықтар