Иран Меджлисі Ормуз бұғазын жауып тастауды көтерген заң жобасын қолдады
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Иран меджлисі мүшелерінің жартысынан сәл астамы еуропалық экономикалық санкцияға қарсылық ретінде мұнай танкерлері үшін Ормуз бұғазын жауып тастау туралы заң жобасын қолдап дауыс берді.
Дүниежүзінің көптеген елдері үшін мұнай тасымалының бірден бір көзі болып отырған бұл теңіз жолын жабу үшін енді тек аятолла Хаменеидің қолы керек, деп жазады "Известия" газеті.
Ос құжатты дайындаған депутаттардың бірі Джавад Карими Кудси 290 парламент мүшесінің 150-і заңды мақұлдағанын мәлім етті. Енді соңғы шешімді елдің жоғары көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қабылдайды.