Иран мен АҚШ арасындағы келісімнің егжей-тегжейі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Иран АҚШ-пен 14 тармақтан тұратын өзара түсіністік туралы меморандум жобасын жариялады, деп хабарлайды Иранның Mehr агенттігі.

Раскрыты подробности соглашения между Ираном и США
Фото: IRIS

Агенттіктің хабарлауынша, құжатта атап айтқанда, Ормуз бұғазының ашылуы, мұнай сатуға салынған санкцияларды тоқтату, сондай-ақ Тегеранның 24 млрд доллар қаражатының бұғаттан шешілуі сияқты ережелер бар:

* Ливанды қоса алғанда, барлық майдандарда соғысты толық және дереу тоқтату.

* АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласпау және Иран Ислам Республикасының егемендігін құрметтеу міндеттемесі.

* 30 күн ішінде теңіз блокадасын толық алып тастау.

* АҚШ-тың Иранға іргелес аудандардан өз күштерін шығару міндеттемесі.

* Иранның реттеу тетіктерімен Ормуз бұғазын 30 күн ішінде ашу.

* Мұнай, мұнай-химия өнімдері мен олардың туындыларын сатуға санкцияларды тоқтату, сондай-ақ Иранның қаржылық ресурстарға толық қол жеткізуін қамтамасыз ету.

* АҚШ пен оның одақтастарының Иранды кем дегенде 300 млрд доллар сомасына қалпына келтіру жоспарын ұсыну міндеттемесі.

* Ядролық тақырып бойынша түпкілікті келісімге қол жеткізу, АҚШ-тың бастапқы және қайталама санкцияларын, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен МАГАТЭ Басқарушылар кеңесінің қарарларын толық жою үшін 60 күндік келіссөз.

* Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) бойынша Иранның ядролық қаруды өндіруден бас тарту бөлігіндегі міндеттемелерін растау.

* Келіссөз кезеңінде АҚШ аймақтағы күштер санын арттырмауға және жаңа санкциялар енгізбеуге міндеттенеді.

* Соңғы келіссөздің 60 күндік кезеңінде Иранның бұғатталған 24 млд доллар қаражатын босату. Бұл соманың жартысы келіссөз басталғанға дейін Иранға ұсынылуы тиіс.

* Келісімді іске асыру үшін мониторинг тетігін құру.

* Соңғы келісім БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен бекітіледі.

* Тоқтатылған қаражаттың жартысы босатылмайынша, мұнай санкциялары тоқтатылмайынша және теңіз блокадасы алынбайынша түпкілікті келіссөз басталмайды. Қорытынды келісім тек байытылған уранның тағдырына, байыту мәселелеріне, санкцияларды алып тастауға және Иранның экономикалық қалпына келтіру бағдарламасына қатысты болуы тиіс. Иранның зымыран бағдарламасы және «қарсылық күштерін» қолдау мәселелері келіссөз күн тәртібінен толығымен алынып тасталды.

АҚШ әзірге Иранмен келісімнің осы 14 тармағына қатысты түсінік берген жоқ. Бірақ бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісім аяқталғанын мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру және теңіз блокадасын алып тастау туралы хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөзде елінің делдал ретінде әрекет ететінін, АҚШ пен Иран бейбіт келісімге қол жеткізгенін, оған ресми қол қою рәсімі 19 маусымда Швейцарияда өтетінін мәлімдеген болатын.

Еуропаның жетекші елдері АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты үн қатты.

Сондай-ақ АҚШ пен Иран арасындағы келісімнен кейін мұнай бағасы төмендегенін хабарладық.