Иран мен Израиль арасындағы үздіксіз соққыдан тағы бірнеше адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM - Иран мен Израиль арасындағы үздіксіз соққыдан тағы қанша адам құрбан болды. дүйсенбіге қараған түні Израильдің орталық және солтүстігіндегі шабуылдардан кемінде сегіз адам қаза тауып, тағы 300-ге жуық адам жараланды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Иран и Израиль продолжают обмен ударами
Фото: x.com / @idfonline

Израиль төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Иранның Петах Тиква, Хайфа және Бней-Брак аудандарына жасалған зымыран шабуылынан үш әйел мен бес ер адам, оның ішінде қарт адамдар қаза тапты. Хайфа қаласында үйінді астынан үш мәйіт табылған.

-Үшеуі де стратегиялық маңызды нысанда жұмыс істеген. Біз оны көптен бері тұрғын ауданнан көшіру керек деп есептеп жүргенбіз, - деді Йон Яхав қаласының мэрі Израильдің 12 арнасына берген сұхбатында.

Израиль билігі қаза тапқандардың жалпы саны 287, оның ішінде әйнек сынықтарынан жарақат алған балалар да бар деп мәлімдеді. Шнайдер балалар ауруханасында екі науқастың жағдайы орташа ауыр, тағы бір ересек адамның жағдайы ауыр. Қалғандары жеңіл жарақат алғандар.

ЦАХАЛ түнгі шабуыл кезінде Израильге шамамен 40 баллистикалық зымыран атылғанын хабарлады. Жұма күні қақтығыс басталғаннан бері Иран 350-ге жуық зымыран ұшырды, оның 24-і адам шығынына себепші болды, деп хабарлайды Израиль қорғаныс күштері.

Сондай-ақ Израиль әскері Sa'ar 6 класты корветтерде орналастырылған BARAK MX жаңа әуе қорғанысы жүйесін пайдалана отырып, теңіз үстінде сегіз ұшқышсыз ұшақты ұстағанын хабарлады. Йемен аумағынан ұшырылған тағы бір зымыран Израиль шекарасына жетпей құлап, ашық жерге қонды.

Осының аясында Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеран «жақын арада құнын төлейтінін» айтты.

Израильдің Иран жеріне әуе шабуылдары жалғасып жатыр. ЦАХАЛ Израиль әуе күштері Тегерандағы «Кудс» күштерінің командалық орталықтарына соққы бергенін хабарлады.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зенджан провинциясындағы соққыдан Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы Реза Наджафи мен сарбаз Хасан Расули қаза тапқан. Израильдің жұмадан бері Иранға жасаған соққыларынан барлығы 220-дан астам адам, соның ішінде әйелдер, балалар және жоғары лауазымды әскерилер қаза тапты.

Бұған қоса, Иран жексенбі күні Израильдің «Моссад» барлау агенттігіне тыңшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамды өлім жазасына кесті. Ол Эсмаил Фекри болатын. Бұл соңғы апталарда тыңшылық жасады деген айыппен орындалған үшінші өлім, деп хабарлайды ирандық БАҚ.

АҚШ президенті Дональд Трамп шиеленіске алаңдаушылық білдірді және тараптарды шиеленісті азайтуға шақырып, «келісімнен үміттенетінін» айтты, бірақ Америка Құрама Штаттары Израильді қолдауды жалғастырады деп сендірді.

Израиль қорғаныс күштері тағы да халықты Ішкі майдан қолбасшылығының нұсқауларын орындап, әуе шабуылы сиреналары естілген кезде жасырынуға шақырды, әсіресе Иранның атқылауының негізгі нысанасы саналатын Тель-Авив, Хайфа және Бир-Шеба аудандарында.

Бір күн бұрын Израильдің АҚШ-ты Иранмен соғысуға шақырғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сонымен бірге Израиль Иранның ядролық жобасының инфрақұрылымына соққыларын аяқтағанын хабарлады.

Осыған дейін Трамптың Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнатуға уәде бергені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар