20:55, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Иран мен Қазақстан жүк тасымалын ұлғайтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазақстан-Түркіменстан-Иран"теміржолының іске қосылуы Иранмен арадағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл туралы бүгін Астанада Иран-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

"Біз көптеген жол бағыттарын салудамыз, су және құрлықтағы порттар, әуежайлар бой көтеруде. Ең маңызды бағыттардың бірі - Иран, Таяу Шығыс елдері, батыс Үндістан. Транзиттік жүктердің өтуіне ыңғайлы жағдай жасау үшін әрдайым көлік саласын дамытып отыру керек", - деді ол.
Кейінгі жылдары Қазақстан мен Иран арасында жүк тасымалы артқан. "2014 жылы оның көлемі 2 млн. 300 мың тоннаны құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1 млн. тоннаға көп", - дейді министр.