Иран мен Қытайға тартылатын газ құбырлары 2009 жылдың соңында пайдалануға беріледі - Түрікменстан Президенті

АСТАНА. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Түрікменстан-Иран» және «Түрікменстан-Қытай» газ құбырлары 2009 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Түркияға сапары барысында мәлімдеді,

Иран мен Қытайға тартылатын газ құбырлары 2009 жылдың соңында пайдалануға беріледі - Түрікменстан Президенті

деп хабарлайды РБК агенттігі Түрікменстанның мемлекеттік ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, биылғы жылғы желтоқсанда Дәулетабат газ кенішінен бастау алатын «Түрікменстан-Иран» газ құбыры пайдалануға беріледі. Қ.Бердімұхаммедов жұмыс істеп тұрған «Көрпеже-Гуртгуи» газ құбырының қуаттарымен бірге жаңа құбырды іске қосу көрші мемлекетке жылына 14 млрд. текшеметр, ал болашақта - 20 млрд. текшеметрге дейін табиғи газ жеткізуге мүмкіндік беретынын атап өтті.

Бұдан басқа 2009 жылдың соңында «Түрікменстан-Қытай» газ құбырын да пайдалануға беру жоспарланып отыр. Келісімдерге сәйкес Қытайға 30 жыл бойы жылына 40 млрд. текше метр табиғи газ жөнелтілетін болады.