18:38, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Иран мұнай өндірісін тәулігіне миллион баррельге арттырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеран 5-6 айдың ішінде мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 1 миллион баррельге өсіреді, деп хабарлады тілшілерге Иран мұнай министрінің орынбасары Әмір Хоссейн Заманиния, деп жазады РИА Новости.

«5-6 айдың ішінде біз мұнай өндірісін тәулігіне шамамен 1 миллион баррельге арттырмақпыз», - деді министр газды экспорттаушы елдердің тілшілері форумында.
«Бұл ОПЕК аясында жасалатынын күтіп отырмыз. Біз өндіріс пен жеткізуді ОПЕК квотасы өзгеріссіз қалған жағдайда арттыруды күтіп отырмыз. Сондықтан ісімізді ОПЕК-пен үйлестіретін боламыз... Бұл тәулігіне 30 миллион баррель (ОПЕК квотасы - ред.)», - деп атап өтті министр.