Иран мұнай өндіруді ұлғайтпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран таяуда мұнай өндіруді тәулігіне 4,3 млн. баррельге дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл туралы ИИР мұнай министрінің орынбасары Мансур Моаззами мәлім етті.
ОПЕК деректеріне сәйкес, Иранда мұнайды тәулігіне өндіру қыркүйекте 2,675 млн. баррельді құраған, деп хабарлады ТАСС.
Бұл ретте Иран қазіргі қайта өңдеу қуатын тәулігіне 1,8 млн. баррельден 3 млн. баррельге дейін арттыруды жоспарлауда. Ирандық мамандардың есебі бойынша барланған мұнай қоры Иранға 60 жылға жетеді.